Жұлдызы жанған – Тәуелсіз Қазақстан
15 желтоқсан күні «Жұлдызы жанған- Тәуелсіз Қазақстан» аттықорытынды концерт өткізілді. Концерт «Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама» оқиғасын бейнелейтін көріністен басталды. Сан ғасыр бойы ата-бабамыздың аңсаған, бірақ қолы жетпеген тәуелсіздігіне желтоқсанның суық ызғарында жалаң аяқ қар кешіп, алаңға шыққан аға-апаларымыздың арқасында қол жеткіздік. Егеменді еліміз туралы тамылжыта салынған әндер, күмбірлеген күйлер, қыздарымыздың мың бұралған билері, тәуелсіздікке арнап оқылған өлеңдері концертке қатысқан мұғалімдердің көңілінен шығып, жоғарғы бағаға ие болды.










