2019-2020
№19 Қ.Сәтпаев атындағы мектеп-гимназиясы бойынша қашықтықтан есеп беру жиналысы
Хаттама
Күні:
Қатысқандар: Мектеп ұжымы, ата-аналар
Күн тәртібінде:
№19 Қ.Сәтпаев атындағы мектеп-гимназиясының мектеп директорының 2020-2021 оқу жылының бірінші тоқсанында жұмсалған қаржы есебі
Тыңдалды: мектеп-гимназиясы директоры – А.Қ.Мырзағалиев:
Құрметті ұстаздар, ата-аналар! Бүгін 2020-2021 оқу жылының алғашқы тоқсанында мектепке бөлінген қаржыны игеру туралы есеп беремін. Қаржы екі мақсатта жұмсалды. Біріншісі, қазіргі Төтенше жағдайға байланысты мектепте санитарлық-гигиена талаптарын сақтау мақсатында ішкі сақтық құралдары алынған болатын. Атап кететін болсақ, 166 800 теңге көлеміндегі қаражатқа антисептік спрей және төсеніш сатылып алынса, 140 000 теңге көлеміндегі қаражатқа бетперде мен термометр (қызу өлшегіш) алынған болатын. Тағы да тонельге арналған дезинфектор спрейі 60 000 теңгеге, лапма 21 000 теңгеге алынып және 190 000 теңгеге тонель сатылып алынды.
Осы санитарлық талаптарын сақтау құралдары күнделікті сабаққа қатынасып жүрген білім алушылар мен мектеп қызметкерлеріне қолданылуда.
Екінші мақсатқа жұмсалған қаражат мектеп-гимназиясы бойынша әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға көрсетілген көмек бойынша есеп бере кететін болсақ – №19 Қ.Сәтпаев атындағы мектеп-гимназиясында «Мектепке жол акциясын» ұйымдастыру мақсатында тамыз айынан бастап мектебіміздің әлеуметтік жағдайы төмен отбасы санатына жататын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 22 ақпандағы №255 қаулысына қосымша, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 25 қаңтардағы № 64 қаулысымен бекітілген «Мемлекеттік білім беру мекемелерінің мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан білім алушыларға және жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, төтенше жағдайлар салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балаларға және өзге де санаттағы білім алушыларға қаржылай және материалдық көмек көрсетуге бөлінетін қаражатты қалыптастыру, жұмсау бағыты мен оларды есепке алу қағидалары» туралы қаулы бойынша ата-аналардан құжаттар жиналған болатын. Құжаттар қамқоршылық кеңес және мектеп жанынан құралған арнайы комиссия мүшелерінің қатысуымен сараланып, тізім шығарылды.
Құжаттары сәйкес деп танылған 147 білімалушыға өтініш негізінде қажеттілігіне әр балаға 35000 (отыз бес мың) )теңге көлемінде жалпы құны 5145000 теңге қаражатпен көмек көрсетілді. Және аталған заңдылық негізінде тамыз айында 55 балаға (265000теңге ) оқу құралдары сатып алынып, таратылды.
Мектебімізегі аталған санаттағы құжаттары талапқа сай жасақталды. «Жалпыға бірдей міндетті оқу қорынан» бүгінге дейін қабылданған ата-аналар өтініштері негізінде қашықтықтан оқыту кезінде интернет желісін қоныдара алмай қиындық көріп отырған 15 отбасыға (375000теңге ) Wi-Fi (интернет) роутер берілді.
Жалпы бүгінгі есеп сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында мектеп бюджетін ашық түрде жариялау болатын. Сұрақтарыңыз болса қоюларыңызға болады.
Ата-ана: Қамқоршылық кеңес төрайымы: Рахметова Э.
Құрметті жиналысқа қатысушылар,бүгінгі мектеп директорының жұмсалған қаражат туралы есебін қанағаттанарлық деп қабылдаймын, өйткені мектепте жүргізіліп жатқан жұмыстарды, сақтық шараларын өз көзіммен көріп, байқап жүрмін. Сондықтан мектеп ұжымына алғаны жұмыстарына сәттілік тілеймін.
Қаулы: №19 Қ.Сәтпаев атындағы мектеп-гимназиясының мектеп директорының 2020-2021 оқу жылының бірінші тоқсанында жұмсалған қаржы есебі қанағаттандырылсын.
Хатшы: Г.Даумова
№19 Қ.Сәтпаев атындағы мектеп-гимназиясы бойынша әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға көрсетілген көмек бойынша анықтама
№19 Қ.Сәтпаев атындағы мектеп-гимназиясында «Мектепке жол акциясын» ұйымдастыру мақсатында тамыз айынан бастап мектебіміздің әлеуметтік жағдайы төмен отбасы санатына жататын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 22 ақпандағы №255 қаулысына қосымша, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 25 қаңтардағы № 64 қаулысымен бекітілген «Мемлекеттік білім беру мекемелерінің мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан білім алушыларға және жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, төтенше жағдайлар салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балаларға және өзге де санаттағы білім алушыларға қаржылай және материалдық көмек көрсетуге бөлінетін қаражатты қалыптастыру, жұмсау бағыты мен оларды есепке алу қағидалары» туралы қаулы бойынша ата-аналардан құжаттар жиналған болатын. Құжаттар қамқоршылық кеңес және мектеп жанынан құралған арнайы комиссия мүшелерінің қатысуымен сараланып, тізім шығарылды.
Құжаттары сәйкес деп танылған 147 отбасыға өтініш негізінде қажеттілігіне қарай жалпы 5145000( әр балаға 35000(отыз бес мың) )теңге көлемінде көмек берілді. Және аталған заңдылық негізінде тамыз айында 55 балаға (265000теңге ) оқу құралдары сатып алынып, таратылды.
Мектебімізегі аталған санаттағы құжаттары талапқа сай жасақталды. «Жалпыға бірдей міндетті оқу қорынан» бүгінге дейін қабылданған ата-аналар өтініштері негізінде қашықтықтан оқыту кезінде интернет желісін қоныдара алмай қиындық көріп отырған 15 отбасыға (375000теңге )Wi-Fi (интернет) роутер берілді.
Әлеуметтік педагог: Г.Даумова
2019-2020 оқу жылындағы тәрбие жұмысының қорытынды есебі
№19 Қ.Сәтпаев атындағы метеп – гимназиясында 2019 жылдың 1 қыркүйек күні «Сәлем саған, алтын ұя мектебім!» атты салтанатты жиын болып өтті. Салтанатты жиынға мектбіміздің ардагар ұстазы Құмарова Қаламқас қатысып, ұстаздарға, оқушыларға, ата-аналарға жылы лебіздерін білдіріп, жаңа оқу жылымен құттықтады. Сондай ақ жиынға Атырау ҚПБ-у ЖПҚБ-ң ЮПБ-ң УПИ –ы полиция аға лейтенанты Бексейтов Багдан Берикович және Атырау қалалық полиция басқармасы полиция подполковнигі Рахметова Жаннат Елемесқызы қатынасып, жасөспірімдердің құқықтары мен құқықбузушылықтың алдын алу шаралары туралы баяндама оқып, түсінік беріп өтті. Алғашқы сабақ «Мен елімнің патриотымын!» тақырыбында өтті. Алғашқы сабаққа сынып жетекшілер тыңғылықты дайындықпен келіп, оқушыларға патриоттық бағыттағы сабақтар өткізді.
Қарттар-ел қазынасы. Оларды құрметтеу ұрпақ парызы. Мектеп- гимназиясының бір топ өнерпаздары болып 11 қазан күні қарттар үйіне бардық. Жылулық аңсаған қарттарды шырқата ән салып,күмбірлетіп күй шертіп, мағыналы терме айтып бір қуантып тастадық. “Қарттарын қадірлеген ел ардақты” деген атпен өткен бұл шараға қариялар қатты риза болды. Көңілді әуенге ортаға шығып билеп мәз болды. Қарттардың алғысын алып біздер тағы келетін болып тарқастық. Жабырқаулы жаныңа шуақ төккен балаларға қариялар дән риза.
Ұстаздар күніне орай «Ұстаз деген аяулы асыл жанды жақсы көрем, арнаймын жақсы өлең» ЧЕЛЛЕНДЖ өтті. Оған мектебіміздің жас мұғалімдері мен 11 сынып оқушылары қатысып, өз туындыларын ұсынды. Мектептің жас мұғалімдері ұстаздарды айтулы мерекмен құттықтап, әннен шашу шашты. Шеберлер қалашығы сайысына мектебімізден оқушылар қатысып, өз жұмыстарын ұсынды. Қатысқан оқушыларымызждың көпшілігі жүлделі орындарды қанжығаларына байлап қайтты. 6а сынып оқушысы Ибрагимова Азиза бас жүлдені жеңіп алып республикаға жолдама алды. Жетекшісі Бисенова Нұрбақыт.
16-26 қыркүйек аралығында “Қауіпсіз білім ордасы” республикалық онкүндігі өтті. 7 сыныптарда «Қауіпсіз балалық шақ» ұранымен флешмоб, «Қауіпсіздік шұғыласы» тақырыбымен сурет көрмесі ұйымдастырылды. Ата-ана, оқушылар үшін «Қауіпсіз жүріп тұру ережелері» ақпарттық жадынама таратылды.
“Адал ұрпақ” ерікті мектеп клубының қалалық слетінен мектебіміз қала мектептерінің арасынан топты жарып I дәрежелі дипломмен марапатталды. Облыстан алғыс хатпен марапатталды.

1-11 сынып аралығында 25 қазан күні «Отбасы -тәрбие басы, мектеп – тәрбие жаршысы» тақырыбында бірыңғай сынып сағаты өтті. Бірыңғай сынып сағатының мақсаты: оқушыларға әр адамның отбасындағы тұлға екендігін ұғындыра отырып, баланың тұлға ретінде қалыптасуына отбасының рөлінің маңыздылығы мен оның патриоттық көзқарасын дамыту.
Бірыңғай сынып сағатына оқушылар белсене атсалысып, отбасы туралы өз ойларын ортаға салды. 10 б сынып жетекшісі Б.Қыдырова, 2 г сынып жетекшісі Г.Касмуханова, 2 ә сынып жетекшісі Ж.Шамжанова, 7 а сынып жетекшісі А. Лекеров, 8ә сынып жетекшісі Н.Амирова, 5а сынып жеткешісі Б.Сейтова, 1 д сынып жетекшісі А.Сарбалина, 9 ә сынып жетекшісі Р.Сарбалина, 10 в сынып жетекшісі Г.Тлепова, 11 сынып жетекшісі А.Утемисова сынды сынып жеткешілерінің сынып сағаттары жоғары дәрежеде өтті.
Өскелең ұрпақтың бойына адалдық ,әділдік, адамгершілік, патриоттық құндылықтарын сіңіру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында мектебімізде 5 қараша күні бірыңғай “Адалдық сағаты” өткізілді.Мектеп директоры А.Қ.Мырзағалиев оқушыларға жемқорлықтың қоғамға келтіретін зияны жайлы және адал жүрудің пайдасы туралы айтып оқушылармен ой бөлісті.
3 қараша күні Оқушылар орталығында өткен VII қалалық “Күй атасы-Құрманғазы” атты байқауына мектебіміздің оқушылары қатысып, жүлделі орындарды қанжығаларына байлап қайтты. Кіші топтан 6 сынып оқушысы Алтай Мирас бас жүлде, Кисметова Аида 1-орын, үлкен топтан 10 сынып оқушысы Демеуова Әйгерім 1-орынды иеленіп, арнайы дипломмен, бағалы сыйлықтармен марапатталды. Қатжан Нұрсұлтан, Наурызбай Алмас, Кунушева Дария, Гайнолла Кәрім Алғыс хат иегерлері атанды.

11желтоқсан күні «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер қоғамдық ұйымының қатарына қабылдау бірыңғай салтанатты шарасы өтті. «Жас қыран» ұйымына белсенді 45 бастауыш сынып оқушылары қабылданып, елінің патриоты болуға ант берді.

1-желтоқсан Тұңғыш Президент күнінен орай8 «А» сыныбында « Елін сүйген, елі сүйген-Елбасы», 8 «Б» сыныбында «Тұғыш Президент», 6 «Б» сынбында «Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз», 8 «В» сыныбында «Тәуелсіздік- теңдесі жоқ байлығым», 8 «Г»сыныбында « Желбіре, тәуелсіз елдің байрағы» аттымерекелік концерттер, сынып сағаттары,танымдық шаралар, зияткерлік ойындар өткізіліп, оқушыларымыздың білім мен білігін толықтыруына зор мүмкіндік болды. Сонымен қатар Атырау қалалық №1 және № 4 кітапхана ұыжымының жеткшілігімен 9-11 сынып оқушылары арасында зияткерлік ойын және тағылымдық сағат өтті. Оқушылар Елбасының өткені мен бүгінінен мол мәлімет алып, кітаптар көрмесін тамашалады.

Тәуелсіздік мерекесіне байланысты сынып сағаттары мен тәрбиелік шаралар барлық сыныптарда жоғарғы деңгейде өткізілді. 15 желтоқсан күні «Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз» атты мектеп акт залында салтанатты жиын өтті. Концерт сан ғасыр бойы ата-бабамыздың аңсаған, бірақ қолы жетпеген тәуелсіздігіне желтоқсанның суық ызғарында жалаң аяқ қар кешіп, алаңға шыққан аға-апаларымыздың арқасында қол жеткізгені туралы сахналық қойылммен ашылды. Жиын құттықтау тілектер мен ән шашумен жалғасын тапты.
«Жаңа жыл-2020» шырша тойы жоғарғы деңгейде, оқушылар көңілінен шыққан мерекелік көңіл күйде өтті.
Оқушылардың қыс мезгіліндегі мұз тұру кезеңінде мұз үстіндегі қауіпсіздікті сақтау жөнінде 1-11 сыныптарында «Мұз үстінде сақ бол»,«Мұз үстіндегі қауіпсіздік шаралары» тақырыбында «онлайн» режимінде интерактивті сабақтар, лездемеде түсінік жұмыстары жүргізілді. Сабақтарда бейнеролик, мұз үстіндегі қауіпсіздікті сақтау шаралары туралы жадынама көрсетілді.
Республикалық «Экологиялық сағат» акциясына байланысты шаралар болып өтті. Шараныңмақсатыбілім алушыларға экологиялық білімді қалыптастыру, туған жер табиғатты қорғауға баулу.Табиғаттың адам өміріндегі зор маңыздылығын насихаттай отырып, оны аялауға, сақтап қорғауға өз үлестерін қосуға жұмылдыру. Мектебімізде арнайы қонақтарымы облыстық құрылыс басқармасының басшысы Аманов Мәлік Хайдарұлы, әдістемелік орталығының әдіскері Кереева Зухра, қалалық білім бөлімінің әдіскері Мугауина Марина Олжағалиевна қатысуымен 8 сыныпта Жумағалиева Анар «Экология- ел тағдыры» тақырыбында тәрбие сағатын өткізісе , 9 сыныпта Мурханова Амангул «Жылыжай эффектісі және азон қабатының жұқаруы» тақырыбында ашық сабақтарын өткізді. Мектеп дәлізінде экология сағатына байланысты көрме ұйымдастырылып, суреттер ілінді. Мектеп ауласына көшеттер отырғызылды.
13-ші ақпан күні 8-11 сынып қыздарымен “Ерте жүкітіліктің алдын алу” тақырыбында басқосу өткізілді. Бұл басқосуға №1 қалалық емхананың гинекологы Клара Мұратқызы, мектеп медбикесі Уразғалиева Әлия қатысты. Жоғарғы деңгейде өткен бұл тақырып бүгінгі күннің өткір проблемасы болып отыр . Маман пікірін тыңдаған қыздар өмірлеріне сабақ болатын пайдалы кеңестер тыңдап, риза болып тарқасты.
24-28 ақпан аралығында мектебімізде шығыстың ғұлама ойшылы, математик, астролог, музыка теоретигі, Аристотельден кейінгі екінші ұстаз атанған Әбу Насыр Әл-Фарабидың 1150 жылдығына орай «Шығыс жауһары-ұстаз әл-Фараби» тақырыбында апталық өтті. Сонымен қатар “Ғұлама айтқан асыл сөз” атты челленджгеөткізілді. Ұлы ақын Абай Құнанбаев 175 жылдығы да кеңінен аталыпөтті. Ақын өлеңдерін үш тілде оқу сайысы, өлеңдерін нақышына келетіре орындауда алдарына жан салмады. Ақынның балалық шағына саяхат жасаған сахналық қойылымы көрермендердің көңілінен шықты. Сонымен қатар ақын, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимннің авторы ,жерлесіміз Жұмекен Нәжімеденовтың туғанына85 жылдығына орай оқушыларымыз «Жұмкекен өлеңдері» тақырыбында өткізілген челленджне қатысты.
28 ақпан күні Атырау облысы Ш.Сариев атындағы көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейінде «Ашық есік күні» өтті. Ашық есік күніне мектебіміздің жоғарғы сынып оқушылары барып, жақсы әсерде оралды.
«Дін және қоғам»тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Кеш қонақтары Дін істері басқармасы Ақпараттық талдау орталығының бөлім басшысыМухамедалиев Даурен Максимұлы, теолог-маманМагзомов Аманжол. Сондай ақ кешке мектеп басшысы Ақылбек Қишуұлы, тарих пәні мұғалімдері мен 9-10сынып оқушылары қатысты. Оқушылар мамандардан көкейде жүрген сауалдарына жауап алды.
1 наурыз – Алғыс айту күніне байланысты 24 ақпаннан 28 ақпан аралығында іс- шаралар өткізілді.Алғыс айту күні – шынайы алғыс пен ыстық ықыластың белгісі. Алғыс айту күні – бұл, ең алдымен елімізде тыныштық пен үндестік, өзара сенімділік пен барлық қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуына негіз болған Президенттің бейбітшілік пен келісім саясатының салтанаты күні. Осындай айтулы мереке қарсаңында«Мейірімді жүрек – жылы тілек» тақырыбында «Жас Ұлан» ұйымы оқушылары мектеп оқушылары мен ұстаздарына арнап сазды бағдарламасын ұсынды. Бастауыш сынып оқушылары мұғалімдер мен асхана қызметкерлеріне алғысын білдірді. 1 наурыз күні «Алғыс- сөздің асылы» атты 9-10 сыныптар ұстарға арнап мерекелік сазды бағдарлама өткізді. Мерекелік сазды бағдарламаға мектеп ұстаздарымен қатар, кіші қызметкерлер қатысты. Оқушылар көрермендерге ыстық ықыластарымен биден шашу шашып, әуезді ән сыйлады. Сонымен қатар, жоғарғы сыныптардың ұйымдастыруымен «Алғысым шексіз сізге!…» тақырыбында лездеме өтті. 1 наурыз алғыс айту күніне орай №1 қалалық кітапхана ұжымы мектеп оқушыларының кітапханамен байланысының тығыз болуы мектеп ұжымының еңбегі деп бағалап, мектеп ұжымын құттықтап кітаптар жиынтығын сыйға тартты. “Жылы жүрек” парақшасына әр ұстаз тілектерін жазып, кітапхана ұжымына алғыс білдірді!
8 наурыз Халықаралық аналар, қыздар мекрекесі де өз дәрежесінде аталып өтті. Сыныптарда тәрбиелік шара, сынып сағаттары өтсе, 6 сынып қыздары арасында қыздар сайысы өтті. Мектеп акт залында барша ұстаз қауымын10 сынып оқушылары құттықтап мерекелік көңіл- күй сыйлады.
Мектеп инспекторы, полиция аға лейтанаты Мөлдір Қадырбекқызы “Қауіпсіз мектеп” жедел профилактикалық іс-шарасы аясында құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында ӘҚБтК нормаларын түсіндіру, қауіпсіздікті сақтау ережелері бойынша, оның ішінде қоғамдық орындарда бейтаныс адамдармен қарым-қатынас жасау ережелерін түсіндіру бойынша 9-11 сынып оқушыларына түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
11 наурыз күні мектеп инспекторы , полиция аға лейтенанты Бердібекова Мөлдір Қадырбекқызы мен тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Гульнара Темірболатқызы “Қауіпсіз мектеп” жедел профилактикалық іс-шара аясында 6-8 сынып оқушылар арасында бопсалаушылық және жыныстық қол сұғушылық фактілерінің алдын алуға бағытталған анонимді сауалнама жүргізді.
Еліміздегі төтенше жағдайға байланысты мектептерде қашықтықтан оқыту жүйесі енгізілуіне байланысты оқушылар үйлерінде отырып білім алды. Республикалық #Бізбіргеміз челленджіне мектептің барлық сыныптары атсалысты. Бос уақыттарын қалай өткізіп жатырғандары туралы бейнефильм түсіріп көпшілікпен бөлісті.
3 сәуір күні мектебімізде қашықтықтан оқыту кезінде оқушылардың уақытын тиімді өткізу, үй жағдайында қауіпсіздік шараларын сақтау мақсатында “Мен қашықтан қалай оқимын”, “Өзіңді вирустық аурулардан қалай сақтауға болады” тақырыбында сынып сағаттары өткізілді. Сынып сағатына оқушылар жоғары белсенділікпен қатысты.
1 мамыр Қазақстан халықтарының достығы күні мен 7 мамыр Отан қорғаушылар күні мерекесі қарсаңында сыныптарда сынып саға ттары өтті.
9 мамыр Ұлы Жеңістің 75 жыл толу мерекесіне арналған «Ешкім де , ештеңе де ұмытылмайды» тақырыбында барлық сыныптарда сынып сағаты, тәрбиелік шара, «Менің майдангер атам» тақырыбында бейнебаян , «Ұлы Жеңіске 75» тақырыбында сурет көрмесі жоғарғы деңгейде өтті.#Qaharman челленджіне де өз үлестерін қосты.
15 мамыр халықаралық отбасы күні. Отбасы күніне орай оқушыларымыздың суреттері мен шағын бейнебаянын онлайн ұсынды. Сағындықовтар отбасы және 3 сынып оқушылары Қайсағали Асылай, Аралбай Абылай, Жарылғап Айда өздерінің отбасындағы бір күнін баяндап берді. Сонымен қатар, «Менің бақытты отбасым» тақырыбында суреттер салды. «Отбасының жемісі – тәрбиелі ұл мен қызы» деген, мақтан етер ұрпағымыз көбейсін. Қазақтың әр отбасының керегесі кең, шаңырағы берік, еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!
Қалалық білім бөлімінің ұйымдастыруымен бастауыш сынып оқушылары арасында “Жас ертегіші” сырттай бейне байқауы, “Батырлар жыры өнеге” тақырыбында батырлар жырын жатқа оқу челленджі өткізілді. Екі тақырыпта өткізіліп жатырған байқауға мектебіміздің оқушылары өз жұмыстарын ұсынды.

Халық даналығының айнасы, өмір тәжірибесін танытар тәрбие құралы болып саналатын ертегіні оқу бала санасын жетілдіретіні анық. Оқушыларымыз қашықтықтан оқумен қатар кітапханашы Алтынай апайларының ұсынған аудио ертегілерін оқып, соның ықпалымен ертегі шығарып алған әсерлерімен бөлісті.
“Отан менің өзімде” жобасы аясында “Қызды тәрбиелей отырып, ұлтты тәрбиелейміз” бағыты бойынша сыныптар арасында “Бұрымды қыз” челленджі өтті. Челленджге 5-10 сыныптың қыз балалары қатысты.
Ата аналардың ризашылығы мен алғысы мектеп басшысы мен мектептің барлық ұстаздарына толастаған емес. Ұстаз үшін шәкірт алғысына жетер қымбат баға жоқ. Бар еркелігін ата-анадан бөлек ұстазына да көрсетіп, мектебіне, сыныбына асығатын оқушыларымызбен тоқсандық демалыстарынан келгенде сағына көрісетінбіз. Бұл ұстаз бен шәкірт арасындағы ыстық ықыластың дәлелі еді. Қашықтықтан оқу балалық еркелігін көтеріп бірге бөлісетін сыныптастарына деген сағыныш пен ұстаздарына деген құрметті арттырғаны сөзсіз! Қашықтық кезіндегі жасалған барлық жұмыстар мектептің ФБ парақщасына жарияланып отырды.
25 мамыр соңғы қоңырау салтанатты жиыны еліміздегі індеттің өршуіне байланысты қашықтан яғни онлайн өткізілді. Мектеп басшысы Ақылбек Қишуұлы барша оқушыларды, ұстаздарды , ата аналарды соңғы қоңырау мерексімен құттықады.
Құттықтау тілекті мектебімзідің ардагар ұстаздары Света Ерсайынқызы мен Құмарова Қаламқас апайларымызда жолдады.
4 маусым күні мектеп бітіруші түлектерт үшін «Сыңғырла ,соңғы қоңырау» тақырыбында салтанатты жиыны өтті. Салтанатты жиынды мектеп-гимназия директоры Ақылбек Қишуұлы ашты. Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Толқын Қалауиқызы оқушылардың оқу жылы барысында жеткен жетістіктері атап өтіп, мектеп түлектеріне мектеп бітіру аттестарын салтанатты түрде табыстады. Сонымен мектептің қоғамдық жұмыстарына белсене қатысқан оқушыларды марапаттады. Ата аналар оқушыларды соңғы қоңырау мерекесімен құттықтап, мектеп бітіруші түлектерге құттықтау сөздерін арнап, ақ жол тіледі. Салтанатты жиын түлектердің сазды арнауларымен жалғасын тапты. Алтын белгі иегері Даркембай Дамир мен үздік аттестат иегері Есенаманова Айгерім Жұмекен өлеңдерін оқыды. Жиыннан соң түлектер мектеп ауласына ағаш егу акциясын қатысты. Білім кілті табысталып, мектеп бітіруші түлектер үшін соңғы қоңырау соғылды. Ақ жол, жас түлек-2020!
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары: М. Рысқалиева Г. Мукашева
№19 Қ. Сәтпаев атындағы мектеп -гимназиясы
2019-2020 оқу жылыныңтәрбие орталығында жасалған жұмыстардың қорытынды есебі
2019-2020 оқу жылы
Атырау











































































Всего комментариев: 0