Құттықтаймыз!!!

          Қалалық білім бөлімі мен Әдістемелік орталықтың  2020 жылдың  22 қазан күні  қашықтан оқыту  жүйесінде педагогикалық  тәжірибе алмасуға  және өз қызметінің нәтижелерін көрсетуге ұмтылатын педагогтарды анықтау және қолдау мақсатында  қалалық  “Үздік химик 2020” және  “Үздік биолог 2020″онлайн байқауы өткізілді. Байқау қорытындысы бойынша, мектебіміздің биология пәнінің  мұғалімі  Мурханова  Амангул ІІ орын, химия пәнінің мұғалімі  Лекеров Азамат жүлделі ІІІ орынды иеленді.  Әріптестерімізді жеңістерімен мектеп ұжымы құттықтайды. Жетер жетістіктеріңізбен, шығар шыңдарыңыз биік болсын!