Әкем, шешем және мен
«Әкем, шешем, және мен» спорттық жарысы 5 сыныптар арасында 3 желтоқсан күні мектебіміздің спорт залында ата-аналардың қатысуымен жоғарғы деңгейде өтті. Тарих пәнінен 8-9 сынып оқушылары арасында «Білім жолымен» тақырыбында олимпиада өткізілді.


Тәуелсіздігіміздің 25 жылдық мерекесіне орай мұғалімдер арасындадене шынықтыру пән мұғалімдерінің ұйымдастыруыменөткен «Спартакиада-2016» спорттық жарысына бастауыш сынып, гуманитарлық, техникалық сынып бірлестіктері қатынасып, дәлдік, ептілік, жылдамдық жағынан күштерін сынап жүлделі 3 орынды бөлісті. 1-орынды техникалық сынып бірлестігі жеңіп алса, 2-орынды бастауыш сынып, 3- орынды гуманитарлық бірлестіктері қанжығаларына байлады. Мектеп жанындағы үйірменің жетекшісі Көпжасаров Сатыбалды шахмат, дойбы, үстел үсті теннисі ойындарынан сайыс өткізді. Сайысқа 10 мұғалім қатысып, бақтарын сынады. Сайыс нәтижесінде шахматтан 1-орынды математика пәнінің мұғалімі Орынбаев Талғат, 2-орынды музыка пәнінің мұғалімі Дауылбаев Сырымбет, 3-орынды тарих пәнінің мұғалімі Кусанова Анар алса, дойбы сайысында 1-орынды Кусанова Анар, 2-орынды бастауыш сынып мұғалімі Ендешбай Рысгүл, 3-орынды директордың тәрбие жөніндегі орынбасары Рысқалиева Майра алды. Бірлестіктер арасында «Сағындырған әндер-ай» байқауы өтті. Оған 7 бірлестік қатысып, Шәмші, Ескендір, Мұхтар әндерін тамылжыта орындады. Көрермендерсағынған әндерін естіп, байқауға қатынасушыларға өз ризашылықтарын білдірді. Орындаушылық шеберліктеріне қарай әділқазылар алқасы жүлделі орындарды иелеріне табыс етті.











