Еңбек түбі – береке
№ 19 Қ. Сәтпаев атындағы мектеп – гимназиясында « Еңбек түбі – береке» атты «Еңбек күні» мерекесіне орай апталық болып өтті. Апталық барысында қолөнер, сурет көрмесі ұйымдастырылды. Жоғары сынып оқушылары « Сенің таңдауың» атты сынып сағаттарын өткізді. Бейнелеу пән мұғалімдерінің ұйымдастыруымен «Бәрі қолымнан келеді» атты қолөнер бұйымдары мен сурет көрмесі көрмесі мектеп дәлізінде ұйымдастырылды. 7 -8 сынып оқушылары еңбек ардагерлерімен кездесу кешін өткізді. «Еңбек өмір мәні» тақырыбында бастауыш сынып оқушылары сынып сағатын өткізді.





