Жаңалықтар

15 мамыр Халықаралық Отбасы күніне орай №19 Қ. Сәтпаев атындағы  мектеп-гимназия базасында Балалардың арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру,күш – қуат пен секіргіштікті дамыту,балаларды достық пен ұйымшылдыққа және инабаттылыққа тәрбиелеу мақсатында шағын топ ата-аналарымен бірлескен «Әкем,анам және мен»  атты спорттық шара өткізіліп жеңімпаздар марапатталды. 

 

 

№19 Қ. Сәтпаев атындағы  мектеп-гимназиясында   1 мамыр- Қазақстан халқы  бірлігі күні, 7 мамыр- Отан  қорғаушылар  күні, 9 мамыр-Ұлы  Жеңіс  күні  мерекелері ұйымшылыдықпен   кеңінене  аталып  өтті.

№19 Қ.Сәтпаев атындағы мектеп-гимназиясының әкімшілігі және «Жас Ұлан» ББЖҰ –ның оқушылары 7 мамыр Отан қорғаушылар күні, 9 мамыр Ұлы Жеңістің 74 жылдық мерекесіне орай еңбек ардагері Айжамал әжемен кездесті.