Біздің мақтанышымыз
Қаныш Сәтпаев атындағы №19 мектеп- гимназиясының 3 «А» сынып оқушысы Нурғалиева Зарина тек озат оқушы ғана емес, шахматтан
Азия чемпионы.Үстіміздегі жылдың қаңтар айында Павлодар қаласында өткен Қазақстан Республикасы чемпионатына қатысып, «Классика» номинациясы бойына күміс медаль, «Рапид» номинациясы бойынша алтын медаль, «Блиц» номинациясы бойынша күміс медальді қанжығасына байлап қайтты. Жеңіспен оралған оқушымызды мектеп басшылығы мен ұстаздар қауымы, сыныптастары сондай-ақ мектеп оқушылары салтанатпен күтіп алды.Біз Заринадай оқушымызды мақтан етеміз! Тек алға Зарина, биік асуларды бағындыра бер демекпіз.




