Автордың жарияланымдары: admin
admin
Отбасы құндылықтарын, дәстүрлерін жаңарту; ата – ана мен бала арасындағы және отбасы мүшелерінің бірі – біріне жақсы қарым – қатынастарын орнату; қамқоршыларға құрмет әрі қолдау көрсету, адамгершілік қасиеттер қалыптастыру мақсатында №19 Қ.Сәтпаев атындағы мектеп-гимназиясында «Отбасы-мейірім шуағы» атты ата-аналар жиналысы болып өтті, жиналыс барысында «Отбасы-аялы алақан мекені» ата-анамен, оқушымен тренинг өткізілді.
№19 Қ.Сәтпаев атындағы мектеп-гимназиясында мектеп -медбикесімен бірлескен «Қыздарға қырық үйден тыйым» атты дөңгелек үстел өткізілді.
15 мамыр Халықаралық Отбасы күніне орай №19 Қ. Сәтпаев атындағы мектеп-гимназия базасында Балалардың арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру,күш – қуат пен секіргіштікті дамыту,балаларды достық пен ұйымшылдыққа және инабаттылыққа тәрбиелеу мақсатында шағын топ ата-аналарымен бірлескен «Әкем,анам және мен» атты спорттық шара өткізіліп жеңімпаздар марапатталды.
№19 Қ. Сәтпаев атындағы мектеп-гимназиясында 1 мамыр- Қазақстан халқы бірлігі күні, 7 мамыр- Отан қорғаушылар күні, 9 мамыр-Ұлы Жеңіс күні мерекелері ұйымшылыдықпен кеңінене аталып өтті.


