Ата заңым асқақты
21-қараша күні 8-9-10 сыныптарының жасұландықтары арасында «Ата заңым асқақты»,22 қараша күні 3-4 сыныптарының жасқырандықтар арасында «Рәмізім- мақтанышым» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді. Сонымен қатар, 4 сыныптарының жасқырандықтары арасында «Тәуелсіздікке тағзым» тақырыбындағы сурет көрмесі ұйымдастырылды.






Мектепалды дайындық топтары мен 2- сыныптарының жасқырандықтары арасында «Ана тілге-мың құрмет»!тақырыбында ертеңгілік өтті.






«Мәңгілік ел ұландары» атты форум, «Нұрлы болашақ» аттыжас ұлан ұйымына 5 жыл салтанатты жиын,«Арайлы, айбынды Астана» тақырыбындағы 7-8 сыныптар арасында өткен мерекелік шара мектебіміздің тәлімгері Есенбаева Мөлдірдің ұйымдастыруымен өтті.






«Ядролық жарылыстарға жол жоқ дейміз» сурет байқауы 29 қарашада өтті. Оған 5-6 сынып оқушылары қатысты.



«Өнерімді еліме арнаймын» көркемөнерпаздар байқауы өтті. Оған мектебіміздің өнерлі оқушылары қатысты. Әннен өрілген концерт көрермендер үдесінен шықты.






