Жұлдызы жанған – Тәуелсіз Қазақстан

15 желтоқсан  күні «Жұлдызы жанған- Тәуелсіз Қазақстан»  аттықорытынды концерт   өткізілді.  Концерт  «Ақтабан  шұбырынды, алқакөл сұлама» оқиғасын бейнелейтін көріністен  басталды.  Сан  ғасыр бойы ата-бабамыздың  аңсаған,  бірақ  қолы  жетпеген тәуелсіздігіне  желтоқсанның суық ызғарында жалаң аяқ қар кешіп, алаңға  шыққан аға-апаларымыздың  арқасында   қол  жеткіздік.  Егеменді еліміз туралы тамылжыта салынған әндер, күмбірлеген күйлер,  қыздарымыздың  мың  бұралған  билері,  тәуелсіздікке  арнап оқылған өлеңдері  концертке  қатысқан мұғалімдердің   көңілінен шығып, жоғарғы  бағаға ие болды.