Ата заңым асқақты

21-қараша күні 8-9-10 сыныптарының жасұландықтары арасында «Ата заңым асқақты»,22 қараша күні 3-4 сыныптарының жасқырандықтар арасында «Рәмізім- мақтанышым» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді. Сонымен қатар, 4 сыныптарының жасқырандықтары арасында «Тәуелсіздікке тағзым» тақырыбындағы сурет көрмесі ұйымдастырылды.

Мектепалды дайындық топтары мен 2- сыныптарының жасқырандықтары арасында «Ана тілге-мың құрмет»!тақырыбында ертеңгілік өтті.

«Мәңгілік ел  ұландары» атты форум, «Нұрлы  болашақ» аттыжас ұлан ұйымына 5 жыл салтанатты жиын,«Арайлы,  айбынды Астана»  тақырыбындағы 7-8 сыныптар арасында өткен    мерекелік шара   мектебіміздің тәлімгері Есенбаева Мөлдірдің ұйымдастыруымен  өтті.

«Ядролық жарылыстарға жол жоқ дейміз»  сурет  байқауы 29 қарашада өтті.  Оған 5-6 сынып оқушылары  қатысты.

«Өнерімді  еліме  арнаймын»  көркемөнерпаздар байқауы өтті. Оған мектебіміздің өнерлі  оқушылары  қатысты.  Әннен  өрілген  концерт көрермендер үдесінен шықты.