Әкем, шешем және мен

«Әкем, шешем, және мен» спорттық жарысы 5 сыныптар арасында 3 желтоқсан күні мектебіміздің спорт залында ата-аналардың қатысуымен жоғарғы деңгейде өтті. Тарих пәнінен 8-9 сынып оқушылары арасында «Білім жолымен» тақырыбында олимпиада өткізілді.

Тәуелсіздігіміздің 25 жылдық  мерекесіне орай   мұғалімдер арасындадене  шынықтыру  пән мұғалімдерінің ұйымдастыруыменөткен  «Спартакиада-2016» спорттық  жарысына бастауыш сынып,  гуманитарлық, техникалық сынып бірлестіктері қатынасып,  дәлдік, ептілік, жылдамдық жағынан күштерін сынап  жүлделі 3 орынды  бөлісті.  1-орынды   техникалық сынып  бірлестігі жеңіп алса, 2-орынды  бастауыш сынып, 3- орынды  гуманитарлық бірлестіктері  қанжығаларына  байлады.  Мектеп  жанындағы  үйірменің   жетекшісі  Көпжасаров Сатыбалды   шахмат, дойбы, үстел үсті  теннисі ойындарынан сайыс өткізді. Сайысқа  10 мұғалім қатысып, бақтарын сынады.  Сайыс  нәтижесінде  шахматтан 1-орынды  математика пәнінің мұғалімі  Орынбаев Талғат,   2-орынды  музыка пәнінің мұғалімі  Дауылбаев Сырымбет, 3-орынды тарих пәнінің мұғалімі Кусанова Анар алса,  дойбы сайысында  1-орынды  Кусанова Анар, 2-орынды  бастауыш сынып мұғалімі  Ендешбай Рысгүл,  3-орынды директордың тәрбие  жөніндегі  орынбасары Рысқалиева Майра  алды.  Бірлестіктер арасында   «Сағындырған әндер-ай» байқауы  өтті.  Оған 7 бірлестік қатысып,  Шәмші, Ескендір, Мұхтар  әндерін тамылжыта орындады.  Көрермендерсағынған әндерін естіп,  байқауға  қатынасушыларға өз ризашылықтарын  білдірді. Орындаушылық шеберліктеріне  қарай әділқазылар алқасы  жүлделі  орындарды иелеріне  табыс  етті.