1 қыркүйек білім күніне орай өткізілген салтанатты жиынға анықтама

№19 Қ. Сәтпаев атындағы мектеп-гимназиясында 1  қыркүйек  білім күні   “Сыңғырла, сыңғырла, қоңырау”  атты  тақырыппен  өтті.  Салтанатты  жиынға  Облыстық әдістемелік кабинеттің әдіскері Айтжанова Света  Мухиденова, № 19 «Шұғыла» балабақшасының  меңгерушісі Месерова  Сара Самиғоллаевна, мектбіміздің ардагар ұстазы Сағындық Света Ерсайынқызы қатысты. Қонақтар ұстаздарға, оқушыларға, ата-аналарға  жылы лебіздерін білдіріп, жаңа  оқу  жылымен  құттықтады.

 

Алғашқы сабақ  1-7 сыныптарда  «Мен  елімнің  патриотымын!»  -9 сыныптар «Мәңгілік ел құндылығы» 10-11 сыныптар  « Патриотизм –ұлттық рухтың асқақ белгісі» тақырыптарында өткізді.

 

Алғашқы сабаққа мұғалімдер тыңғылықты дайындықпен келіп, оқушыларға патриоттық бағыттағы сабақтар өткізді.  Көрнекіліктермен жабдықталған сыныптар  оқушыларға  әсерлі сабақ, тәрбиелік маңызы бар мәліметтер алуға әсерін тигізді.

 

Сабақ еліміздің  гимнменмен ашылды. Өткізілген сабақтардың ішінде тартымды, мазмұнды болған 1 сынып  мұғалімдері  Ж. Шамжанова, 4 сынып  жетекшісі С. Баймурзиева, 5 сынып жетекшісі А. Жантумаев, 9-сынып жетекшісі   Б.Қыдырова, 7- сынып жетекшісі М. Шамғонова,   10-сынып жетекшісі  Н. Бисенова ,  11-сынып жетекшісі С. Магзумова сабақтарын  атап өтуге болады.   Сабақта мемлекеттік нышандар туралы, «Мәңгілік  ел» ұлттық  идеясы,  «Рухани жаңғыру»  бағдарламасында айтылған  ұлттық құндылықтар   туралы оқушыларға түсініктер беріліп,  оқушылармен пікір алмасылды.

 

Директордың тәрбие ісі  жөніндегі орынбасары: М. Рысқалиева
Г. Мукашева