Қазақстандағы дәстүрлі діни бірлестіктер

Атырау облысы Дін істері басқармасы Ақпараттық-талдау орталығының тапсырысымен облыстық Ақпараттық-түсіндіру тобының жұмыс жоспарына сәйкес, «Шапағат» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 16 қазанында Қ.Сәтпаев атындағы №19 мектеп-гимназиясында «Қазасқтандағы дәстүрлі діни бірлестіктер» тақырыбында кездесу өткізілді. Кездесуге Атырау облысы Дін істері басқармасы Ақпараттық талдау орталығының маманы Н.Әмірашев, «Шапағат» қоғамдық қорының теологы М.Әбішев және мектеп оқушылары мен ұстаздары қатысты.

Н.Әмірашев аталған жиынды ашып, кездесудің мақсаты мен маңыздылығы түсіндіріп өтті. Теолог М.Әбішев оқушыларға арнайы дайындалған слайд арқылы еліміздегі деструктивті діни ағым өкілдерінің радикалдану кезеңдерін айта отырып, сөз соңында, дәстүрлі ханафи мазхабы, деструктивті діни ағым өкілдерінің намаз оқу үлгісі, ұлттық құндылықтарды насихаттайтын дәстүрлі діни әдебиеттер тізімін атады.
Кездесу соңында оқушыларға сауалнама жүргізіліп, сұрақтар қойылып, тиісті жауап алынды.


 

«Дін бірлігі – мемлекет тұтастығы» атты кездесудің
ХАТТАМАСЫ

 

 

Атырау қаласы                                                                                                                                 22 қараша 2017 жыл
Өткізілген орны: Қ.Сәтпаев атындағы №19мектеп- гимназиясы                              сағат 11.450

 

Қатысқандар:

 

Рысқалиева. Майра  – №19 Қ.Сәтпаев атындағы мектеп – гимназиясы директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

Омаров Мухиддин – «Шапағат» деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы» ҚҚ-ның директор орынбасары

Әбішов Мейірбек Әлимұратұлы – «Шапағат» деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы» ҚҚ-ның теолог маманы

 

 

КҮН ТӘРТІБІНДЕ:

 

Оқушыларды дәстүрлі емес діни ағымдардан сақтандыру, діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу

 

М.Рысқалиева аталған шараны ашып, келген қонақтармен таныстырып, ұйымдастырудағы мақсаты мен маңызына тоқталды. Қатысушыларға осы мүмкіндікті пайдалана отырып көкейдегі толғандырған сауалдарды қоюға шақырды.

Әбішов Мейірбек Әлимұратұлы Елiмiздiң тәуелсiздiгiн алғанына, әлемдiк өркениеттен өз орнын анықтауға бет  алғанына  да,  мiне  25  жыл  болды.  Қазiргi  бiздiң  қоғамдағы  әлеуметтiк топтардың iшiнде ең әлсiз буын – жастар. Олар – сенгiш, елiктегiш, сезiмге тез берiлгiш.  Сондықтан  болар,  олардың  дiн  атын  жамылған  дәстүрлi  емес ағымдардың  жетегiнде  кетуi  жиi  орын  алып  жатады. Ондай жолға түспеу үшін ең алдымен діни білім көп болып және дұрыс түсінік қалыптастыру қажет. Қазіргі біздің қоғамды жие естіліп жүрген дәстүрлі емес діни ағым «Салафизм», «Такфиризм», «Мадхалиттер», сонымен қатар хаддадиялар ағымдары бар. Аталған ағымдар бойынша түсінік беріп, слайд арқылы ақпарат берді.

Сонымен қатар, жат ағым өкілдерінің діни бұрмалап, халықтың санасын улайтын уағыздарына өкінішке қарайсеніп қалатын жандар аз емес. Осы тұрғыда интернет арқылы шатастыратын насихатшылар көп. Әсіресе, олардың көздегені діннен хабары жоқ жастар. Олар күнделекті өмірде біз бен сіздің арамызда жүріп сенімге кіріп алады. Ислам атын жамылып, бетперде кигендердің шынайы жүзін білу қиын. Сондықтан олармен күресу оңай соғып жатқан жоқ. Соңғы жылдары үгіт-насихат жұмыстарына, кездесулерге көп көңіл бөліп отырмыз. Әр кездесу барысында жасөспірімдерге ислам дінінің тек тыныштық пен берекеге үндейтінін және ислам терроризм соғысты қаламайтын дін екендігінжеткізуге тырсамыз. Сол себептен ғаламтордан дін білім алмауға шақырамын. Діни білімді арнайы теолог мамандар, дінтанушылардан алған абзал болатындығын жеткізді.

 

Жиналыс төрағасы:                                                         М.Рысқалиева