2020-2021

№19 Қ.Сәтпаев атындағы мектеп-гимназиясы  бойынша

2020-2021  оқу жылының  I-жарты жылдығындағы

«Жас Ұлан» мектеп комитетінің атқарған жұмысы туралы

Хабарлама

№19 Қ.Сәтпаев атындағы мектеп-гимназиясы   бойынша 2020-2021 оқу жылына арналған «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының  мектеп комитетінің  жұмыс жоспары жинақталып, бекітіліп, «Жас Ұлан» ұйымының ұланбасы болып 10-сынып оқушысы  Каракузов Бекболат тағайындалды.

Мектеп бойынша «Жас Ұлан» мектеп комитеті жұмысының ережесі жинақталып бекітілді.

Жарты жылдықта өткізілген шаралар «Ұстаз аты-биік  әрі мәңгілік» шәкірттердің өз ұстаздарына деген  ақжарма тілектерінің  эстафетасы, ұстаздарға арналған қашықтықтан «Ұстазға Мың алғыс!» атты  құттықтау роликтері байқауы, онлайн «Күз Ханзадасы мен Ханшайымы» фотоконкурсы жәнеде 1-4, 5-8 сынып оқушылары арасында «Мен және менің құқығым», «Бақытты балалы шақ»  тақырыбында  онлайн сурет конкурстары өткізілді. Қашықтықтан өткізілген шараларға оқушылар белсенді  түрде атсалысты. Сонымен қатар кезекші сынып оқушыларының ,  сабақ арасындағы үзілісін тиімді  пайдалану мақсатында түрлі эстафеталық ойындар ойнатылды.

Всего комментариев: 0